Ассаламуғалейкум! Сіздерге қойяр сұрағым, ҚАССИЕТТІ РАМАЗАН айында денсаулығыма байланысты, ораза ұстай алмадым, тарауых намазын жамағатпен оқуыма бола ма? Кенже.
Ассаламуғалейкум! Тарауих намазын тек қана ораза ұстағандар ғана оқу керек пе? Қанат.
Уағалейкумуссалам! Тарауих намазы ораза айында оқылатын құлшылық түрі. Пайғамбарымыз (с.а.у) оразада бұл намазды үнемі оқығандықтан үкімі – «бекітілген сүннет». Аталмыш намазды оразаны тұтқан да, тұтпаған да оқыса сауапқа кенеледі.
Тарауих намазын оқудың сауабы жайында Алланың Елшісі: «Кімде кім, Рамазанда сауабын үміт ете отырып, Алла разылығы үшін Тарауих намазын оқыса, оның өткен күнәлары кешіріледі»[1], – деген.
[1]Сахих Муслим – 759 хадис. Имам Науаи шархы.