ҚМДБ-ның кеңейтілген Төралқа мәжілісінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы осылай деді.
«Біз қазақ халқының ертеден келе жатқан Ақсақалдар институты мен Әжелер мектебін жандандыруымыз қажет. Осы мақсатта тиісті іс-шараларды қолға аламыз» деді ҚМДБ Төрағасы.
Сондай-ақ Бас мүфти біздің қоғам алдындағы басты міндетіміз мұсылман қауымының бірлігін нығайту, бүлік пен жалған діни ұрандарға жол бермеу екенін атап өтті.
«Біз мұны терең ойланып, жамағаттың көкейіне салуымыз тиіс. Ғалымдарымыз: «Бауырмалдық – иман келтіргендердің өзара сүйіспеншілігі мен дін насихатында ортақ болуы», – деп айтқандай, мұсылман қауымын береке-бірлікке, шынайы бауыр болуға шақырамыз» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Пікір қалдыру