Ораза кезінде салқындау, жеңілдеу мақсатында өзен-көлге т.б жерлерге шомылуға немесе ғұсылдануға болады. Бұл оразаны бұзбайды[1]. Тек, ауыздан не мұрыннан ішке су кетіп қалмауын байқау керек. Әбу Дәуідтің сүнанында риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыздың (с.а.у) аузы берік бола тұра ыстықтықтағандықтан немесе қатты шөлдегендіктен басына су құйғандығы айтылады[2].
Шомылу барысында құлағына кірген су да оразаны бұзбайды дейді ғалымдарымыз[3].