Қасиетті Рамазан айында жасалған әрбір амалдың сауаптары еселенетіндігін Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерінде айтып өткен. Сондықтанда осы айда игілікті істерді молайтқан абзал. Аягөз қалалық мешіті «Рамазан қоржыны» атты қайырымдылық шарасын көпбала және әлеуметтік аз қамтылған 30 отбасыға таратты. Мешіт жанынан құрылған еріктілер тобы қораптарға салынған тұрмысқа қажетті азық – түлікті үйді – үйге апарып табыстады.
Пікір қалдыру