МЕШІТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖЕТІМДЕР ҮЙІН ЗИЯРАТ ЕТТІ (ФОТО)

Семей аймағының мешіт қызметкерлері қалалық №1 Жетімдер үйіндегі тәрбиеленуші бүлдіршіндермен кездесіп, «Рамазан-сыйы» атты қайырымдылық шара өткізді.

Кездесуге  Семей қаласының Бас имамы Асқар Әбітайұлы мен мешіт қызметкерлері және еріктілер тобы қатысты. Кездесу барысында арнайы дастархан жайылып, жас бүлдіршіндерге  сыйлықтар, рамазан тәттілерін және де теледидар табыстады.

  – «Берсең, бала бер, айтып жүрер» демекші, қолында сыйлығы бар жандарды көргенде балалардың қуанышында шек болмады. Алла әр балаға бақытты ғұмыр нәсіп етсін.