Семей қаласының әкімі Баяхметов Бақытжан Кәкенқаджиұлы қала мұсылман жамағатына арнап арнайы ауызашар дастарханын жайды. Рухани отырысқа Семей өңірі Бас имамы Мұқанов Асқар Әбітайұлы және біршама қала дін қызметкерлері мен ақсақалдар қатысты.
Шара барысында қала әкімі барша мұсылман жамағатын Рамазан айымен құттықтады. Рамазан айының құрметіне орай жайылған ауызашар дастарханының басында Семей өңірі Бас имамы Асқар Әбітайұлы жиналған жамағатқа уағыз-насихат айтты. Құран оқылып, ақсақалдар бас қосқан отырысқа абыз ақсақалдарымыз да құрметті қонақ болып, батасын берді. Қасиеті мен берекелі айдың құрметіне құрбан шалынды.
Пікір қалдыру