Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай, “Әйел қыздар” секторының ұйымдастыруымен Абай облысы бойынша ҚМДБ Әйел-қыздар секторының жетекшісі Данагүл Төлегенқызы «Жезкент» ауылдық мешітінің Құранға түскен шәкірттеріне тәж кигізіп, сыйлықтар мен сертификат табыстады.
Әйел-қыздар секторының жетекшісі Данагүл Төлегенқызы Құран үйрену мен жаттаудың екі дүниедегі артықшылығы, Құранның маңыздылығы туралы уағыз-насихат айтты. Іс-шара соңында үлкендер ұйымдастырушыларға ақ бата берді.
Пікір қалдыру