Белгілі блогер Маджид Фримен Қатарда футболдан әлем біріншілігі басталғалы бері 500-ден астам шетелдік азаматтың ислам дінін қабылдағаны туралы жазды.
“Алла ұлық! Біз жергілікті имамдардан осы күндері 500-ден астам адамның исламды қабылдағанын естіп жатырмыз. Қазір Қатарда бүкіл әлемнен келген мыңдаған футбол фанаттары жүр. Олар исламның көркемдігін көруге мүмкіндік алды, Алла соған қарай жолдарын ашсын!” – деді ол.
Бұған дейін Қатар мешіттерінің бірінше 6 адамнан тұратын бразилиялық отбасының түгелдей исламды қабылдағаны туралы ақпарат тараған еді. Әке-шешесі мен төрт баласы имаммен бірге кәлима айтып, мұсылман болды.
Пікір қалдыру