СТУДЕНТТЕРГЕ ХАЛАЛ ДАМУ СЕМИНАРЫ ӨТКІЗІЛДІ

Абай Құнанбайұл мешіті жанындағы СТУДЕНТТЕР ҮЙІ шәкірттеріне ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің жергілікті өкілі Ардақ Меллетұлы семинар өткізді.

Семинарда «Халал даму» мекемесі бекіткен 6 стандартқа толығырақ тоқталып, халал өнімдер технологиясы, «Е» тағамдық қоспалар жөнінде баяндады.

Сонымен қатар, халал өнімдер технологиясы мен стандарт талаптары, «QMDB Halal» сертификатының артықшылығы мен ерекшелігі, зертханалық тексерістің маңыздылығы, тағамдық қоспалардың өндірісі жөнінде ақпарат берді. Семинар соңында қатысушылар сұрақтарына жауап берілді.