Семей қалалық Хазрет Әли мешітінің ұйымдастыруымен Әз-Наурыз мерекесі ауқымды көлемде аталып өтті. Мешіт ауласында киіз үй тігіліп, ақ дастарқан жайылып, ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өтті.
Мерекелік іс-шара ақсақалдарымыздың батасымен басталып, әжелеріміз шашуын шашып, ізгі тілектерін білдірді.
Сондай-ақ, жиналған жамағат алтыбақан теуіп, дәстүрлі әндер шырқалды.
Қаламыздың ақсақал имамы Нұрбек қажы Нәзерұлы жүрек жарды лебізін айтып, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Ұлттық ойындар «Тау көтерген толағай», «Батырлар тартысы», «Қобыланды батыр білегі», «Шапшаңдар шеруі» деген атаулармен арқан тарту, ләңгі тебу, қол күрес және гір көтеру сынды спорт түрлерінен өтті.
Бұл сайыстарда білекті де жүректі азаматтарымыз өз бақтарын сынап, жеңімпаздар мақтау қағаздарымен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
Осылайша көпшілікке көтеріңкі көңіл сыйлаған мерекелік жиын да өз мәресіне жетіп, жиналған халық ұйымдастырушы мешіт имамдары мен жамағаттарына алғыстарын білдірді.

































Пікір қалдыру