Семей қаласы Қос мұнаралы мешітінің ұйымдастыруымен қаламызда №20 Түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтарға Айттық дастарқаны жайылды. Кездесу барысында Қос мұнаралы мешіттің ұстазы Бауыржан Таубекұлы көпшілікті Айт мерекесімен және Әз-Наурыз мейрамымен құттықтап, Ораза айттың мәні мен мағынасы туралы насихат айтып, Ораза ұстаған жандардың сауабы туралы сөз қозғады.
Сондай-ақ, “Тәртіпсіз ел болмас, Тәртіпке бағынған құл болмас”, – дегендей тәртіпке бағынудың маңыздылығы туралы әңгіме өрбітті. Сонымен қатар, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы жылды діни салада “Ислам және адал қоғам” жылы деп жариялағанын жеткізіп, дініміздегі адалдық, адамгершілік, адал еңбектің сауаптылығы туралы тағылымды уағыз айтты.























Пікір қалдыру