ҚМДБ Жат діни ағымдардан сақтандыру бағытының Абай облысы жауапты мамандары Семей қалалық Қос мұнаралы мешітімен бірлесіп №19 және №20 Түзету мекемелерінде жазасын өтеуші 160 адамға ауызашар себептерін үлестірді.
Аталған шара барысында Ардақ Меллетұлы жиналған көпшілікті Рамазан айымен құттықтап, оразаның қасиеті мен пайдасы туралы түсіндірді. Сондай-ақ, кездесуде тәртіпке бағыну және Алла Тағала берген нығметтердің қадірін білу сынды тақырыптарда насихат айтылды.
Кездесуге қатысқан жазасын өтеушілер имамдар мен демеуші азаматтарға рахметін айтып, ризашылықтарын білдірді.

























Пікір қалдыру