АБАЙ ОБЛЫСЫ: ХАЛАЛ ЖӘРМЕҢКЕ ӨТТІ

Қасиетті Қадір түнінде Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешіт жанында ҚМДБ Халал даму мекемесінің Абай облысы бойынша жауапты өкілі Ардақ Меллетұлы мен Әйел-қыздар секторының жетекшісі Данагүл Төлегенқызының ұйымдастыруымен Халал жәрмеңке өтті.

Жәрмеңке барысында ҚМДБ Халал сертификатын алған мекемелер өз өнімдерін ұсынды. Осылайша, Қадір түнін мешітте өткізуге келген халыққа барынша ыңғайлы жағдай жасалды.