ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЖАРЫС ӨТТІ (ФОТО)

Абай облысы бойынша ҚМДБ Жастар ісі секторы және Зекет және қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен Семей қаласы мешіт қызметкерлері арасында үстел теннисінен жарыс өтті. Жарыстың басты мақсаты салауатты өмір салтын қалыптастыру, мешіт имамдары мен ұстаздарының ауызбіршілігі мен ынтымағын арттыру.

Жарысқа он сегіз адам қатысып, бақ сынасты. Қатысушылардың ішінде жүзден жүйрік болып бірінші орынды “Тас мешітінің” наиб имамы Қанатов Еркебұлан иеленді. Екінші орынды “Жоламан” мешітінің бас имамы Ербол Арғынов, ал, “Әли” мешітінің наиб имамы Нұрмұхаммед Әділұлы үшінші орынды иеленді.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға алғыс хат пен ақшалай сыйлықтармен марапатталды.