АБАЙ ОБЛЫСЫ: МЕШІТТЕРДЕ АРДАГЕРЛЕР РУХЫНА ҚҰРАН БАҒЫШТАЛДЫ

Қасиетті Жұма күнінде Абай облысы мешіттерінде Жұма намазы оқылып болған соң, арнайы Құран оқылып, сауабы Ұлы Отан соғысында шейіт болған батыр бабаларымыздың рухтарына, сондай-ақ, сол уақыттары бүкіл елдің басына түскен нәубетті еңсеруге бел шеше кірісіп, тылда еңбек еткен барша ата-әжелеріміздің аруақтарына арнайы бағышталды.
Алла Тағала елімізді соғыс отынан, сыртқы жаудан, ішкі даудан сақтағай деп дұға жасалды.