ҚМДБ жанынан құрылған РАНТ мүшесі, Өскемен орталық мешітінің наиб имамы – Бекзат Азатбекұлы Абай облысына ресми іс-сапармен келіп, бірқатар кездесулер мен уағыз-насихат жиындарына қатысты. Атап айтқанда, Семей қалалық №20 мекемесінде жазасын өтеушілермен “Ихсан рухани ілім”, “Сабырлық” тақырыбында топтық жұмыстар жүргізді.
Сондай-ақ, Семей қалалық Тас мешітінде кешкі құптан уағызын айтты. Сонымен қатар, “Абай Құнанбайұлы” атындағы орталық мешітінде жұма уағызын өткізді.
Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешіті жанындағы студенттер үйінде имамдардың біліктілігін арттыру курсында тәлім алып жатқан ауыл имамдарына “Уағыз айтудың әдебі мен мәдениеті” атты семинар өткізді. Уағыз айтушыға қойылатын талаптар жайлы, атап айтқанда, киім кию, сөз саптау этикасы туралы, сондай-ақ уағыз айту барысында жіберілетін қателіктер туралы мәлімет берді. Кездесу соңында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды.

























Пікір қалдыру