АБАЙ ОБЛЫСЫ: АУЫЛ ИМАМДАРЫНА АРНАЛҒАН БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ КУРСЫ АЯҚТАЛДЫ

ҚМДБ, Абай облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен облысымызға қарасты ауыл имамдарына арналған кезекті  біліктілігін арттыру курсы өз мәресіне жетті.

Бір айға жуық уақытқа созылған білім курсында “Құран”, “Тәжуид”, “Фиқһ”, “Ақида”, “Хадис ілімі”, “ҚМДБ концептуалды құжаттары” сынды бірқатар дәрістер өткізілді.

Сондай-ақ, “Уағыз айту әдебі”, “ҚМДБ Ғұламалар кеңесінде қабылданған пәтуалар», «Ислам және дәстүр құндылықтары» сынды тақырыптарда семинарлар өтті.

Курс соңында имамдардан емтихан алынып, біліктілігін арттыру жөніндегі арнаулы сертификаттар табысталды. Имамдарға дін жолындағы атқарып жатқан қызметтері үшін алғыс білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.