ҚМДБ жанынан құрылған РАНТ мүшесі, Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Хасан Ташайұлы Абай облысына ресми іс-сапармен келді. Сапар барысында Хасан Ташайұлы «Абай Құнанбайұлы» атындағы орталық мешітте жамағатпен жүздесіп, «Алла Тағалаға сүйікті 3 амал» тақырыбында уағыз айтты.
Уағыз барысында Алла Тағалаға ұнамды амалдардың маңызы, құлшылықтағы ықылас пен тұрақтылық, сондай-ақ мұсылманның күнделікті өмірінде ізгі амалдарды қалыптастыру мәселелері сөз болды. Кездесу соңында жамағат көкейлеріндегі сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды.





















Пікір қалдыру