Қарттар күніне орай Абай облысы өкілдігінің «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен ардақты ақсақалдарымыз бен ақ жаулықты әжелерімізге құрмет көрсетіп, мұқтаж отбасыларға қайырымдылық шарасы өткізілді.
Шара барысында қарияларымызға ізгі тілектер айтылып, азық-түлік табысталды. Үлкенге құрмет көрсету – халқымыздың ежелден келе жатқан асыл дәстүрі. Қариялардың батасын алып, көңілін қуанышқа бөлеу – баршамызға ортақ сауапты іс.
Пайғамбарымыз ﷺ: «Кішімізге мейірімділік танытпаған және үлкенімізді құрметтемеген бізден емес» деген.
Қарияларымыздың әрбір батасы мен ақ тілегі – кейінгі ұрпаққа берілген үлкен рухани мұра.

























Пікір қалдыру