Қазіргі қоғамда жастардың бойына адалдықты қалыптастыру, рухани құндылықтарды дәріптеу және адамгершілік қасиеттерді нығайту – маңызды міндеттердің бірі. Осы мақсатта ҚМДБ Абай облысы бойынша «Жастар» секторының жетекшісі Ералы Нугуман «Абай Құнанбайұлы» атындағы орталық мешіт жанындағы студенттер үйінің шәкірттерімен кездесті.
Кездесу «Адалдық және рухани құндылықтар» тақырыбында өрбіді. Басқосу барысында жастардың өмірлік ұстанымы, адалдықтың адам өміріндегі орны, рухани тәрбие мен ізгі мінездің маңызы жайында кеңінен сөз қозғалды.
Ералы Нугуман жастарға білім алумен қатар, бойға жақсы қасиеттерді сіңіру, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, қоғамға пайдалы азамат болу қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ рухани құндылықтарды өмірлік бағдар етіп, әр істе шынайылық пен жауапкершілікті ұстануға шақырды.
Жылы әрі мазмұнды форматта өткен кездесу шәкірттерге ой салып, рухани дүниесін байытуға бағытталды.






















Пікір қалдыру