1. Ниет
Балақты түріп, екі қолды шынтаққа дейін сыбанып,«Ә’узу» мен «бисмиллаһты» айтып дәрет алуға іштей ниет етеді.
|
|
2. Қолды жуу
Қолды білекке дейін саусақтардың арасын және саусақтардағы сақина, жүзіктердің астына да су тигізіп жуу керек.
|
3. Ауызды шаю Оң қолмен үш рет су алып ауыз шайылады. |
|
4. Мұрынды шаю Үш рет оң қолымен мұрынға су тартылып, сол қолымен сіңбіріледі. |
|||
5. Бетті жуу Маңдай мен қоса құлақ басталған тұс пен иек астына дейін үш рет бет жуылады. |
6. Оң қолды жуу Оң қол шынтақпен қосыла үш рет жуылады. |
||||
7. Сол қолды жуу Сол қол шынтақпен қосыла үш рет жуылады. |
8. Басқа мәсіх тарту Шынашақпен бірге үш саусақ ұшпа-ұш келтіріліп, маңдайынан желкеге дейін осы үш саусақпен мәсіх етіледі. |
||||
9. Құлаққа мәсіх тарту Сұқ саусақпен құлақтың ішіне, бас бармақпен құлақтың сыртына мәсіх тартылады. |
10. Мойынға мәсіх тарту Екі қолдың сыртымен мойынға мәсіх тартылады. |
||||
11. Аяқты жуу Оң аяқтан бастап саусақтарының арасын, тобықтарымен бірге үш мәрте жуады. Осылайша сол аяқты да жуады. Әсіресе өкше мен тобықтардың жуылуын мұқият қадағалау қажет. |
12. Қолды қайта шайып дәретін тәмәмдайды. |
Пікір қалдыру