Жараға «вишневский мазь» таңсам оразаны бұза ма?

Сыртқы жараға «Вишневский мазь» жақса оразаны бұза ма? Ол дәріні жағу шариғатта рұқсат етілген бе?  Әрі дәрет алғанда дәрі таңылған жерді міндетті түрде жуу керек пе?


«Вишневский мазь» сыңды сыртқы жараларға жағылған дәрілер оразаны бұзбайды. Оның теріге сіңіп, ет пен тері арасына енуі тұтқан оразаға кедергісі жоқ. Себебі оразаны (ауыз, мұрын құлақ сыңды) табиғи жолдармен  ішке түскен заттар бұзады.

Сондай-ақ, аталмыш дәріні жағуға рұқсат. Себебі оның құрамында антисептикалық[1] сарғыш ұнтақ (ксероформ), аққайын қарамайы (березовый деготь) және майсана майы сынды шариғатта «нәжіс» болып есептелмейтін заттар қамтылған.

Ал дәретте дәрі таңылған жердің айналасын жуып,  жараның бетін жара таңғыштың үстінен сипайды[2].

[1] Микробтарды жою
[2] Маусули, Ихтияр, «әл-Жәбәир» – 1/97 бет.