Адал сауда

Еңбек ету – дініміздің әмірі. Кез-келген мұсылман күн көру үшін және ешкімге мұқтаж болмай өмір сүру үшін еңбектенуі қажет. Адамдардың еңбек ету салалары, ақша табужолдары әр түрлі. Еңбектеніп ақша табуда аса мән беретін нәрсе ақшаны адал еңбекпен табу және ризығымызға харам нәрсе араластырмау. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Адамнан дүние-мүлікті қалай тауып, оны қалай жұмсағаны қиямет күнінде сұралатынын айтқан». Ал ақша табуда харам нәрселерге жол бергендержайында былай деген: «Бір мұсылманды алдаған, оған зиян тигізген немесе айла жасаған адам бізден емес» (250 хадис 15 д.б.) Еңбектеніп ақша тапқанда, адал әрекет жасағандарға мына сүйінішті хабарды жеткізеді. «Саудада шындықтан, туралықтан бір сәт айырылмаған адам қиямет күнінде пайғамбардың жанынан орын алып, солармен бірге болады» (250 хадис, 65 б.). Мұсылмандықтың маңызды қағидасы шыншылдық, туралық, адалдық, адамгершілік қасиеттер. Мұсылманға шыншыл болу адамдарды алдамау, адал еңбек етіп, мал табу жарасады. Өндірушінің міндеті жақсы және сапалы өнім өндіру. Жұмысшы мен қызметкердің міндеті өздеріне берілген істерді кемшіліксіз орындау. Еңбектенген адам «Мені ешкім көрмейді ғой» деп міндетіне немқұрайлықпен қараса адалдықтан айырылып, арам ақша тапқан болып есептеледі. Ал бұған дінімізде тыйым салынады. Басқаның ақысын жеу міндетін, қызметін теріс жолғапайдалану деген сөз. Мұндай адамдар еңбектерінің босқа кетуіне себепкер болады. Бұдан ел зиян шегеді, әрі адамдар да бір-біріне сенбейтін болады. Жүрегі таза парасатты адам ісін дұрыс атқарады, ешкімді алдамайды айла жасамайды. Мойнына алған міндетін адал атқарып, өзіне де, өзгеге де пайдасын тигізеді. «Егер де мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі қазақтың әулиесі сол. Бірақ Құдай Тағала қолына аз-маз өнер берген қазақтың кесерлері болады». Әуел – бұл ісімді ол ісімнен асырайын деп, артық ісмерлер іздеп жүріп көріп, біраз істес болып, өнер арттырайын деп, түзден өнер іздемейді. Қолындағы аз-мазына мақтанып, осы да болады деп, баяғы қазақтың талапсыздығына тартып жатып алады. Екінші – ерінбей істей беру керек қой. Бір екі қара табылса, малға бөге қалған кісімсіп: «Маған мал жоқ па?» дегендей қылып, еріншек, жалқау салғырт, кербездікке салынады Үшінші – «Дархансың ғой, өнерлісің ғой, шырағым» немесе «Ағеке, нең кетеді осы ғанамды істеп бер!» дегенде маған да біреу жалынарлыққа жеткен екенмін деп мақтанып кетіп пайдасыз алдауға, қу тілге алданып, өзінің уақытын өткізеді және анаған дүниенің қызығы алдауды білген дегізіп, көңілін де мақтандырып кетеді. Төртінші – тамыршылдау келеді. Бағанағы алдамшы шайтан тамыр болайық деп, бір болымсызын берген болып, артынан үйтемін-бүйтемін, қарық қыламын, тамырым, досым десе, мен де жасынан іс істеп үйден шықпағандық қылып, жоқ-барға тырысып алдағанды білмей, дереу оның жетпегеніне жеткіземін деп, тіпті жетпесе өзінен қосып, қылып бер дегенінің бәрін қылып беріп, күні өтіп еңбек қылар уақытынан айрылып, «жоғары шыққа» қарық болып, тамақ киім, борыш есіненшығып кетіп, енді олар қысқан күні біреудің малын бұлдап қарызға алады. Оны қылып берейін, мұны қылып берейін деп сонымен табысы құралмай, борышы асып, дауға айналып адамшылықтан айрылып, қор болып кетеді. Осы несі екен. Қазақтың баласының өзі алдағыш бола тұрып және өзі біреуге алдатқыш болатындығы қалай?» (Абайдың қара сөзінен 33-сөзі). Пайғамбарымыз Расулуллаһ (с.ғ.с.) бидай сатқан бір адамға кезігеді. Сатушыдан: «Қалай сатыпжатырсың?» деп сұрайды. Адам өзінше түсіндіреді. Сол кезде Расулуллаһ (с.ғ.с.)-ға «Қолыңды оның (бидайдың) ішіне тық! – деген уахи келеді. Аллаһ Расулы (с.ғ.с.)-ның қолы бидайдың дымқыл екенін сезеді. Сосын: «Адамдардың көру үшін дымқылын үстіне қойсаң еді. Алдаған адам бізден емес» дейді. Хадисте де айтылғаны сияқты, Ислам экономикалық жүйені сауданың негізін турашылдықпен, шындықпен жеке адамға және қоғамға қызмет ету түсінігіне негіздеп құрылған. Тауардың өндірушіден тұтынушыға жетуі дегенді білдіретін және табыстай қажырды да қажет ететін. Сонымен қатар пайдаға айналғаны сияқты зиянға да айналу ықтималы бар сауда ісі тауар пайдасының арттыруына қарай халал болған. Тіпті ұсынылған Хазіретті Пайғамбардың (с.ғ.с.) мүбәрәк тілінен «Табыстың оннан тоғызы сауда да болғандығы» (Суюти әл-Жәмиус-сағыр 1,113). Мадағының айтылғандығын ойласа, бұл ынталандырудың мәні жеңілірек түсініледі.  Екінші жағынан Ислам сенім сүйенген бес негізгі амалдың қажылық пен зекет сияқты ең маңызды екеуі ауқатты мүминдерге тән, бұларда сонымен бірге адал жолмен баюдың ынталандырушысы сияқты. Хадисте баяндалған: «Берген қол алған қолдан арзан» (Бұхари, Зекет 18) түрінде беруші болуға бағытталған үкім де, осы тұрғыдан бағалануына тұрады. Сонымен қатар, мал мен байлыққа қол жеткізудің ең маңызды себебі болған саудада: «Әрбір үмметтің бір фитнәсі бар. Менің үмметімнің фитнәсі мал- мүлік» (Ибн Ханбәл, 4,160) хадисінде естен шығармаған жөн. Сірә, саудадағы ақша табу құштарлығы нәпсіге жағымдықорқынышты қатерлердің бірі. Тойымсыз адам тегене сияқты: қарны тойса да аузыжабылмайды. Алайда сол тегенеге дарияны құйсақ, шамасынан артық не сияр және тойымсыз адам бір ошақ пеш немесе мангал сияқты, оған ағаш пен көмір сияқты отынды үйген сайын алаулап сөнбейді. Керісінше алауы мен жалыны арта түседі. Хазіретті Пайғамбар (с.ғ.с.) тойымсыз адамның халін былай түсіндіреді: «Адам баласының екі сай толы малы болса да үшіншісін қалайды. Адам баласының ішін (қарнын) топырақтан басқа ештеңе толтыра алмайды» (Бухари, Риқақ, 10; Мүслім, Зекет 116). Осы тойымсыздығы есебінен адам баласының саудада жасаған қулығы мен айласының шегі жоқ. Сол себепті қаншама қауымдар жойылып кеткен және де бұл дүние ақылға келмеген қаншама ғапылдық жолаушыларына толы. Ислам бойынша бір зат алған кезде оны әдейілеп жамандамау, сатқан кезде құнынан да жоғары көрсететін сөздерді қолданбау керек. Тұтынушылардың әлсіздігін пайдаланып бағасын мөлшерден тыс жоғары шығармау керек. Алдатуға жүгінбей, пайызшылдық, таразы мен өлшемде айлакерлік жасамау, ант етуден аулақ болу, қоғамға зиянды харам нәрселерді алып-сатпау қажет. Сауданың қағидаларын Хазіретті Пайғамбар (с.ғ.с.) қандай жақсы қойған: «Ей,саудагерлер қауымы! Шүбәсізшайтан мен күнә сауда саттыққа араласады. (Айтылған ант,қажетсіз сөздер т.б. кәффарат болу үшін) саудаңызды садақамен араластырыңыз(тазалаңдар)». Ислам ахлағы болған ортада үнемі бір- бірінің қамын ойлайды. Әсіресе, айлакерлік мұсылман үшін өте үлкен қылмыс. Мұсылман адам өтірік айтпайды, алдамайды. Алдану болса – ақымақтықтың белгісі. Адамзатқа жол сілтеуші болып жіберілген пайғамбарлар «Садық» яғни турашылды және «Фәтәнәт» яғни ақылдылық сипатына ие. Солардың ізімен жүрген мұсылман да ақылды және көзі ашық болуға міндетті. Аллаһ Тағала алдатқандарға алданбау үшін біздерге былай ескерту жасайды: «Ей, иман етушілер! Екі жақтың ризашылығына сүйенген саудадан басқа, мал-мүліктеріңізді харам жолдармен араларыңда (алып- сатып) жемеңдер және өздеріңді өлтірмеңдер! Аллаһ сендерге өте мейірімді» (Ниса сүресі, 29 аят). Сондай-ақ, сауда жолында табыс табу үшін өсіммен (процент) ақша табу харам. Өсім тәуекел мен қажыр-қайрат араласпағандықтан капитал мен еңбекті қанаушылықтың көрінісі. Тек байдың одан бетер езілуіне себеп болады. Хазіретті Пайғамбардың (с.ғ.с.) пайызхақында өте үрейлендіруші бір хадисі бар: «Пайыздың барлық түрі аяғымныңастында» деп, әр түрлі пайызды харам еткен. Барлық жағдайға қарамастан адал іс атқарып, дұрыс, шыншыл және сенімді саудагерлермен іскерлер сан жағынан аз болады. Алайда діннің қойған қағидаларын орындамаудан туындаған жазалар жеке басқа байланысты болып, көбінесе ахыретке тән болса, харам мал табудан туындаған пәле, оны тапқанда үлес қоспаған болашақ ұрпақтарды да қамтиды. Сонымен қатар, мұның ащысы тек ахыретке ғана қалмай, адамдардан осы дүниеде дешығады. Халық осы мәнді сезіп, оны: «Атасы піспеген жеміс жепті, немересінің тісі сыздапты» түрінде нақылға айналған. Харам байлыққа мирасшыболғандардың көбінесе тура жолда жүре алмайтындығы да шындық. Өйткені, ақшада бір сыр бар: Ол келген жолмен кетеді. Келген жолы харам болған мал мирасшысын соңына тағып, жаман жолдарға сүйрейді. Мұндай мал жылан сияқты, жылан қалай шыққан тесігіне кірсе, малдың жұмсалатын жері де табыстың түрімен байланысты. Тәніміз таза, жанымыз нұрлы болсын десеңіз – адал таза жесеңіз!

Рымбек Қонысбекұлы,

Бородулиха ауданы,

Белағаш ауылы.