Бір мұнаралы мешіт. Ол 19 ғасырдың екінші жартысында Фатих Мусин деген татар көпесінің демеушілігімен салынған.Бір мұнаралы мешітте Семей өңіріндегітарихи ескерткіштердін бірі.Оны Стамбулдан келген сәулетші Ғабдулла әфенді салған.Мешіттің негізгі экстрерьері-басы конус тәрізділеніп жасалған биік мұнара мен негізгі залдың үстінде орналасқан аласа мұнара.Негізгі залда қасиетті Мекке қаласына қаратылып жасалған михраб бар.Жергілікті жұрт мешіт астындағы подвалда ертеректе діни кітапхана болған деседі.
Қашқария сапарына кетіп бара жатқан Шоқан Уәлиханов осы бір мұнаралы мешіт суретін қарындашпен салған.
Мешіт Қазақстан республикасы Мәдениет министірлігі шешімімен тарихи,мәдени ескерткіштер қатарына кіргізілген.