Семей қалалық Төлеубек қажы мешіті

image002(94)«Төлеубек қажы мешіті» Семей қалалық Комсомол елді мекенінде орналасқан. 2007 жылы Семей қаладағы Комсомол және Юность аудандары тұрғындары үшін салынған.   Мешіт Волгоградская көшесіндегі №1 орналасқан. Мешіт 2006 жыл басталып 2007 жылы  наурыз айында аяқталды.

Мешіттің ашылу салтанатына қала әкімі Мейрамхан Айнабеков пен ҚМДБ-ның бас мүфтиі Әбсаттар қажы Дербісәлі хазіреттін тапсырмасымен Семей өңірінің Өкіл имамы Тыныштық қажы Яхияұлы арнайы барып ашты Меншітті Төлеубек қажының ұрпақтары Сексенбаевтар Әулеті арнайы салдырған.

image010Мешіт ауласының аймағы -1000 м2. Формасы қызыл кірпіштен салынған Харезм елінен әкелінген. Мешіт ғимаратының ұзындығы, ені 15 х 15 м., биіктігі  6 м.  Күмбезінің биіктігі 4 м., мұнарасының биіктігі 13 м. Намаз оқитын  ерлер бөлмесі 300 адамға, әйелдер бөлмесі 30 адамға арналған. Имам бөлмесі  3,4 х 4,5 метр, кіре берістегі бөлме  3,5 х 4 метр. Мешіттің ауласында Арнайы салынған комплекс орналасқан, онда 280 адам арналған ас беретін орын,ер және әйел дәретханасы, жылыту қазандықтары, шаруашылық заттарын қойатын орындар орналасқан.

image002(93)