Сұрақ: Намазда сүрелерді қате оқитын кісіге ұюға болады ма?

Замира

Сұрақ: Намазда сүрелерді қате оқитын кісіге ұюға болады ма? Мысалы ол кісі арабша білмегендіктен сүрені кирилица бойынша жаттаған болса.
Жауап: Егер аяттың мағынасы өзгеретіндей қате оқитын болмаса ұюға кедергі болмай ды. Өйткені Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Әрбір мұсылман жақсының да жама нның да артынан намаз оқу уәжіп» (Ахмад, Әбу Дәуіт риуаяты).

Құрметпен, www.fatua.kz сайты
fatua2015@mail.ru