Әскери бөлімдерінде өткен кездесу

     Семей қаласындағы 12794:156/15 әскери бөлімшелерде діни экстремизм және жат ағымның алдын алу шарасы өтті. Іс шараға қалалық ішкі саясат бөлімінің маманы  Қасымжанова Жанна, психолог Айдарқызы Амина және Жастар секторының өкілі Жүнісбек Айдын Салімханұлы қатысты. Кездесу барысында қазіргі діни ахуалдар мен қоғамдағы зиянкесті әрекетке барып жатқан ағымдар жайлы түсіндіріп, алдын алу жұмыстарын баяндап берді мамандар. Кездесу соңында тындаушылар тарапынан сұрақтар қойып нақты жауаптар алды. Келген қонақтарға мекеме басшылары алғыстарын айтып,осындай шараны тағы ұйымдастырсақ деген ұсыныстарын айтты.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.