«Тыныбай» мешітінде әжелер мен қыздар арасында құран жарысы өтті.

ҚМДБ Семей өңірі бойынша «Әйер-қыздар секторы» ның ұйымдастыруымен Семей қалалық «Тыныбай» мешітінде әжелер мен қыздар арасында құран жарысы өтті.

Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.):«Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп оны үйреткендерің», – деп өсиет қалдырған. Алланың сөзі болған қасиетті Құранды оқу әр мұсылманға парыз екені белгілі, ал оны жаттаушыларға Алла әр жаттаған аятына сай жәннаттағы дәрежесін көтереді. Ислам құндылықтарын биік бағалаған қазақ халқымыз да, араларындағы Құранды жатқа білетін қариларды ерекше құрметтеп, әрқашан төрінен орын берген.

Осындай игі бастаманы кең насихаттау мақсатында Семей өңірі бойынша мешіт жанындағы сауат ашу курстарында  шәкірт әжелері мен қыздары арасында Құран кәрімнің 30-шы парасы мен 22 сүре бойынша жарыс өтті. Жарысты Түркия мемелекетінен келген қари Ахамед ұстаз бен Тыныбай мешітінің наиб имамы Байбатыр қари бағалады. Аталған іс-шараға ҚМДБ Семей өкілдігі, Семей өңірі бойынша Зекет қоры және Семей қаласының Тас мешіті, Тыныбай  мешіті қолдау көрсетті.

Жарыс соңында өкіл имам Алтыбай Мақсат Қуанышұлы Семей қаласы мен Аягөз қаласынан келген шәкірттерге жүлделі орындар беріп, барлық қатысушыларға ынталандыру сыйлықтарын табыстады. Ахмет қари мен Байбатыр қари шәкірттерге өз баталарын беріп, дұға тіледі. Алыстан келген қонақтар жайылған ақ дастарханнан дәм татты.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.