Емелтау ауылындағы мерекелік кеш

Аягөз  ауданына қарасты Емелтау ауылында Мәуліт мерекелік шарасы өтті. Ауыл молдасы Жаңалық Еркінұлы Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) өмірінен ғибратты насихат айтты. Мерекеде ауыл әкімі көпшілікті құттықтап, жүрек жарды лебізін білдірді. Пайғамбарға салауат айтылып, ғибратты көріністер қойылды. Шәкірттер діни әуендермен қатар тақпақтар орындап, жамағатты бір серпілтіп тастады. Ауыл ақсақалдары ақдастархан басында бата беріп, алғыстарын білдірді.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі