Осы орайда, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы коронавирустың алдын алу шараларына қатысты үндеу жариялап, сақтық шараларын күшейтуге шақырған болатын. Қазіргі таңда құлшылық ордаларына жиналатын жамағат санының көптігі баса ескеріліп, тазалық пен қауіпсіздік шараларын қатаң қадағалаланып, алдын алу жұмыстарын күшейтіліп келеді.
Аталған талап аясында бүгін Семей өңірі бойынша мешіттерде арнайы залалсыздандыру (дезинфекция) жұмыстары жүргізіліп, құлшылық ордаларының көптеген жерлеріне медициналық тазартқыш сұйықтықтар орнатылды. Атап айтқанда, қызметтік бөлмелер мен діни заттар дүкеніне, дәретхана мен асхана аумақтарына аталмыш сұйықтық құрылғылары қойылып, келуші жамағатқа да тазалық сақтау талаптары таныстырылуда. Коронавирус дертінен қорғану үшін сақталуы қажет болған гигиеналық ережелер жазылған арнайы парақшалар жабыстырылып, қажетті мағлұматтар ұсынылып отыр.
Еліміздің Бас мешіті бастаған залалсыздандыру шарасы қазіргі уақытта республика бойынша барлық мешітте жалғасуда.
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі
Пікір қалдыру