Семей Қос мұнаралы Орталық мешітінде Тәуелсіздік жолында қыршын кеткен боздақтар рухына Құран-хатым бағышталды.

Тәуелсіздік мерекесі – бүгінгі ұрпақ үшін тек азаттықтың, ұлт бақытының нышаны ғана емес, өткенге салауат айтатын күн.

Осы орайда Семей Қос мұнаралы Орталық мешітінде шаһардағы дін қызметкерлерінің ұйытқы болуымен егемендік жолында құрбан болған боздақтардың рухына бағышталып Құран-хатым оқылды. Аталмыш рәсімге қаладағы барлық мешіттердің имамдары жиналған болатын. Дін өкілдері оқылған Құран сүрелерінен соң, күні кеше Тәуелсіздік жолында қыршын кеткен барша боздақтарға дұға жасап, ел егемендігінің баянды, іргеміздің тыныштығы мен амандығы үшін Жаратқаннан тілек тіледі. Ұлыстың ұлы мерекесі – Тәуелсіздік күні халқымыз үшін тек жақсылықтардың, өркендеу жолындағы жетістіктердің бастауы болғай!..

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі