Семейлік дін қызметкерлері «Халық қаһарманы» Қайрат Рысқұлбековтың қабіріне зиярат жасап, Құран бағыштады.

Кешегі 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы – халқының салт-санасы, діні мен ділі, тілі, ұлт мүддесі үшін әділдік талап етіп, жазықсыз жапа шеккен, қыршынынан қиылған жандарды еске алатын, олардың рухына Құран-дұға бағыштайтын күн.

Осы орайда Семей Қос мұнаралы Орталық мешітінің наиб имамы Бекзат қажы Баешов бастаған жергілікті дін қызметкерлері қала іргесіндегі мұсылман қорымында жерленген «Халық қаһарманы», желтоқсан оқиғасының құрбаны Қайрат Рысқұлбековтың бейітіне зиярат жасап, қабірінің басында Құран бағыштап қайтты.

-Елінің ертеңі үшін Тәуелсіздік жолында жанын қиған есіл ерлердің есімі ешқашан ұмытылмайды. Дәстүрімізге сай, үнемі дұғамызға қосып, рухтарына Құран бағыштау, Алладан мейірім тілеу, өткенге салауат айту – баршымыздың міндетіміз, – дейді бұл ретте семейлік дін қызметкерлері.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі