Семей қалалық Шәкәрім мешітінде  қасапшыларға офлайн оқу-семинар өтті.

Семинарда Семей аймағы бойынша Шариғат және пәтуаға жауапты өкілі Айқын Русланұлы, Семей аймағы бойынша «Халал Даму» өкілі Серікқали Бейсенұлы және қасапшылары мен жеке қасапханалардың мамандары қатысты.

Санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілген семинарда мал мен құстың жем-азығына қойылатын шариғат талаптары, мал бауыздау тәртібі, міндеттері және әдебі жөнінде айтылды. Мал етін харам қылатын шариғатта бекітілген жағдайларды талдау жүргізіліп, арам еттің адам денсаулығына тигізетін кері әсерлеріне тоқталды.

Айта кетейік, еліміздің әр өңірінде «Қасапшылық жауапты һәм сауапты – іс» жобасы бойынша шариғат және стандарт талаптарына сай мал сойып, қызмет көрсететін қасапшыларды оқыту қолға алынған болатын. Қазіргі таңда 492 қасапшы «ҚМДБ халал» куәлігіне ие.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.