Жол бойында жолаушыларға қызмет көрсететін мешіт

Семей аймағының Бас имамы Асқар Әбітайұлының бастамасымен Суық-бұлақ кенті мешіті жанынан тынығу бөлмесі ашылған болатын.

Соның жалғасы ретінде Үржар аудандық мешітінің бас имамы Шрайнбеков Ұланның ұйымдастыруымен Айтпай мешіті жанынан ары-бері өтетін жолаушыларға жылы сумен дәрет алу, ыстық кофе – шәй, алғашқы медициналық көмек үшін дәрі дәрмектер, ұялы телефонын қуаттандырғышы, сабын және антисептик, сүлгі – орамалдар, ыстық және суық сусындар т.б қызмет көрсету, тынығу бөлмесі ашылды.

Үржар аудандық мешітінің баспасөз баспасөз қызметі.