Шар қаласына жаңа имам тағайындалды

Шар қалалық мешінің жамағатына Жарма ауданының бас имамы Т. Елеуов ҚМДБ төрағасының бұйрығымен бас имам болып тағайындалған Тойқылды Абдилсаметті таныстырды.

Бұған дейін Тойқылды Абдилсамет Жарма аудандық мешітінде наиб имамы қызметін атқарды. Бас имам жамағатқа қос қызметкердің қарым-қабілеті мен білім-біліктілігі жайында жеткізе келе, жаңа жұмыстарына сәттілік тіледі. Жамағат атынан Досжанов Ғалымбекке алғыс білдіріп, иығына шапан жауып, ілтипат білдірді. Мешіт көркі болған ақсақалдар қауымы да ақ баталарын беріп, жаңа имамға құттықтауларын жеткізді.

 

Шар қалалық мешітінің баспасөз қызметі