Құран хатымдалды

Аягөз қалалық мешіті жанынан құрылған «Әйел – қыздар» секторы мүшелері ақ дастархан басында басқосты.

Алла сөзі Құран оқылып, ел – жұрт амандығы тіленді. Жыл басынан осы уақытқа дейін «Әйел – қыздар» секторы мүшелері 160 рет Құранды хатымдапты, Алла сөзі Құранды оқу, оның сауабы жайында соны атап өтті. Алдағы уақытта да осындай ізгілік жалғасын таппақ.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі