ЖЫЛ ИМАМЫ – 2021 (ФОТО)

ҚМДБ-ның Семей өңірі бойынша Бас имам  Асқар Әбітайұлы бірнеше жылдан бері аудан халқы үшін аянбай еңбек етіп жүрген дін қызметкері Абай  ауданының Бас имамы Болат Самырбайға «Жыл  имамы»  номинациясын тағайындап, шипажайға жолдама табыстады.

Бас имам Асқар қажы Әбітайұлы: ” Сізге өңіріміздегі Ислам дінінің кеңінен қанат жайып өркендеуіне үлес қосып, дін жолында жемісті еңбек еткеніңіз үшін және халық арасында рухани тұрақтылықты, имандылықты кеңінен насихаттағаныңыз үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілей отырып, қасиетті төл дінімізді насихаттау жолында әрдайым жемісті де жеңісті еңбек ете беруіңізді Алла Тағала нәсіт етсін!” – деп ізгі лебізін білдіріп, болашақта бұдан да ауқымды істер атқарып, білімді жастар тәрбиелеу жолында аянбай қызмет етуін тіледі.

“Абай Құнанбайұлы” атындағы орталық мешітінің баспасөз қызметі