Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен, Семей аймағы Бас имамы Асқар Әбітайұлының және Ұржар аудандық Бас имамы Ұлан Ермекұлының ұйытқы болуымен Ұржар ауданының орталық мешітінде екі апталық имамдардың білімін жетілдіру көшпелі семинар оқу курсы басталды.
Семей қалалық мешіттерінің білікті ұстаздары Ұржар ауданына қарасты ауыл дін қызметкерлеріне сабақ өткізуде. Екі апталық оқыту семинарында Семей аймағы бойынша 90имам діни білімін жетілдіретін болады. Білім қай кезеңде болмасын маңызын жойған емес.
«Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні ғаріп», – деген даналық сөз тегін емес. Білімнің таяздығынан қандастарымыз ел асып, теріс пиғылды діни ағымдардың ығына жығылып жатыр. Дін жолында қызмет етіп жүргендердің барлығының көксегені – діни сауатты ұрпақ тәрбиелеу.
Бүгінгі күні діни ілім-білімге аса көңіл бөлініп жатқаны белгілі. ҚМДБ-ның жанында Республикалық имамдардың білімін жетілдіру институтының еліміздегі бірнеше мыңдаған имамдардың білімін жетілдіруге бір ғана оқу орнының мүмкіндігі жете бермейтіндіктен, бұдан бөлек, қысқа мерзімді курстардың пайдасы мол. Имамдар маңызды пәндерді оқумен қатар қазіргі қоғамда кездесетін күрделі жайттарға қатысты мәселелердің шешімін табатын болады.
“Абай Құнанбайұлы” атындағы орталық мешітінің баспасөз қызметі
Пікір қалдыру