Дін қызметкерлері мен жамағат арасында үстел теннисі өтті.

Семей өңірінде «Ислам-ынтымақ және бірлік діні» аясында қала мешіттері  дін қызметкерлері мен жамағаты арасында үстел теннисі өтті.

Үстел теннисі салауатты өмір салтын қалыптастыру, денешынықтыру мен мешіт жамағатының ауызбіршілігі мен ынтымағын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Елу алты үміткер қатысқан додада  екі наминациядан бақ сынасты. 35 жастан асқан үміткерлер арасында 20 адам қатысып, «Тыныбай» мешіті атынан шыққан Қарымсақов Арман Ернесұлы бірінші орын иеленді, екінші орынды  «Қос мұнаралы» мешітінің атынан шыққан Мұздыбаев Марат Қожахметұлы, үшінші орынды «Төкеш ата» мешіті атынан шыққан Озкан Еркінбек Жанатбекұлы жеңіп алды. 35 жасқа дейінгі үміткерлер арасында 36 адам қатысып, «Хәкім Хазірет» мешітінің атынан шыққан дін қызмері, ұстаз қари Нұранов Арман Рүстемұлы бірінші орынды иеленіп, екінші орынды «Тыныбай» мешіті атынан шыққан Керімбаев Олжас Бауыржанұлы, үшінші орынды «Абай Құнанбайұлы» орталық мешіті атынан шыққан Қанатов Айбар Асқарұлы  иеленді.

Жарыс қорытындысы бойынша арнайы алғыс хатпен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

“Абай Құнанбайұлы” атындағы орталық мешітінің баспасөз қызметі