МАҚАНШЫ: КӨКПАР ЖАРЫСЫ ӨТТІ (ФОТО)

       Мақаншы өңірінің имамдары ұйымдастырған қазақтың ұлттық ойын көкпар өтті. Сайысқа 160 қатысушы қатысып, көкпаршылар білек күші мен ат құлағында ойнайтын шеберлігін сарапқа салды. Сайысты тамшалауға ауыл халқы мол жиналды. Көкпаршыларға уағыз насихат айтылып, ас беріліп дұға жасалынды. Атам бабамыздан мирас болып келе жатқан бұл ойын ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. Көкпаршы азаматтарға Мақаншы өңірінің Бас имамы  Сабанов Есбол Ерболұлы алғыс хаттар табыстады.