АЯГӨЗ: ЖЕРДЕ БІР БАЛА ҚУАНСА-КӨКТЕ МЫҢ ПЕРІШТЕ ШАТТАНАДЫ (ФОТО)

Аягөз ауданына қарасты Тарбағатай ауылдық мешітінің имамы Қанат Сейіткәрімұлының ұйымдастыруымен 1 – маусым – Балаларды қорғау күніне орай, мешітте ізгілікті шара өткізді. 150 – ден астам балалар жиналып, мешіт имамы насихат айтып, сұрақ – жауап ойындыры өткізіліп, тәттілер, балмұздақ, сусындар сыйлықтар таратылды. «Жерде бір бала қуанса, көкте мың періште шаттанады» – деген аталы сөзде айтылғандай, балалар қуанып, ата – аналар алғыстарын айтты.