РАНТ МҮШЕЛЕРІ СЕМЕЙЛІК ЖАМАҒАТПЕН КЕЗДЕСТІ

Семей қаласына арнайы іс-сапармен келген ҚМДБ «Уағыз-насихат» бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров пен «Шариғат және пәтуа» бөлімінің маманы Бауыржан Әбдуәлі жергілікті жамағатпен кездесті.

Қалалық «Абай Құнанбайлы» атындағы орталық мешіті мен «Тас» мешітінде өткен кездесуде РАНТ мүшелері дін мен дәстүр сабақтастығы, отбасы құндылықтары, қоғам бірлігі және Мәуліт айының ерекшелі сынды тақырыптарда уағыз айтып, түрлі діни топтардың құрығына түспеудің жолдарын түсіндірді.

Сондай-ақ, кездесу барысында жамағатты толғандырған түрлі діни сұраққа жауап беріліп, алдағы уақытта осындай кездесулердің жиі өткізіліп тұратындығы мәлімделді.