“АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫ” МЕШІТІНЕ ЖАҢА НАИБ ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бүгін Семей қалалық “Абай Құнанбайұлы” атындағы орталық мешітке ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Құттыбек Түменбай наиб имамдық қызметке тағайындалды.

Құттыбек Түменбай Жетісу облысына қарасты Ақсу ауданының тумасы. Білімі мен біліктілігі жоғары маман:

2010-2012 жж. Әл-Азһар институтын бітірді.

2012-2016 жж. Әл-Азһар университетінде Шариғат саласын меңгерді.

2017-2019 жж. Әл-Азһар университетінің магистранты атанып,

2019-2022 жж. Мысыр Араб Республикасының Пәтуа беру саласын тәмәмдады.