ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРЫ БАР 50 ОТБАСЫҒА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

ҚМДБ Абай облысы өкілдігі “Зекет және қайырымдылық” қоры 25-қазан Республика күніне орай семейлік 50 мұқтаж отбасыға гуманитарлық көмек көрсетті. Басты назар мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған жанұяларға қойылған. Гуманитарлық көмек ұзақ мерзімге жарамды азық-түліктен жинақталған.