РАНТ МҮШЕСІ ЖАМАҒАТПЕН ЖҮЗДЕСТІ

Жақында Абай облысына арнайы іс-сапармен келген ҚМДБ “Діни оңалту” бөлімінің меңгерушісі, Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі Хасан Аманқұлов жоспарға сәйкес қалалық “Тас” мешітінің жамағатымен жүздесті. Кездесу аясында дін мен дәстүр сабақтастығы, діни білімнің маңызы, жат ағымнан сақтанудың жолдары сынды тақырыпта уағызын жеткізді.

“Әр адамға өзінің ұлттық тамыры, әдет-ғұрпы мен мәдениеті қымбат. Халықты ұлт ретінде сақтайтын жалғыз жол бар. Ол жол – жас ұрпақты ұлттық сана негізінде тәрбиелеу”, – деді сөзінде Хасан Аманқұлов.