30 ШӘКІРТ ҚҰРАНҒА ТҮСТІ

Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешітінің нәзік жанды шәкірттері қасиетті Құранға түсті. Биылғы жылдың бесінші легін тәмамдаған 30 шәкірттің Құран әліппесі мен тәжуид ілімін меңгеріп шығуын салтанатты түрде атап өтті. Абай облысы Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Данагүл Төлегенқызы шәкірттерге уағыз айтып, Құранның маңызы мен мәнін түсіндіріп, қыздар қауымын алғашқы діни сауат ашудағы жетістіктерімен құттықтады.

Шәкірттерге сертификаттармен қатар Құран Кәрім, тасбих сыйлыққа берілді. Қыздар өз кезегінде Данагүл ұстазға ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жаудырды.