АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ҮЗДІК ҮЙ БЕЗЕНДІРУ» ШАРАСЫ ӨТТІ

Наурызнама он күндігінің 17-наурыз Шаңырақ күніне орай ҚМДБ Абай облысы өкілдігінің Әйел-қыздар секторы Семей қаласы мен Мақаншы ауданында «Үздік үй безендіру» сайысын ұйымдастырды. Үй безендіру байқауы қасиетті Рамазан айына арналды. Бұл шараға барлығы 20-ға жуық отбасы қатысты.
Байқау барысында отбасылар үйлеріне түрлі сәнді әшекейлерді ілді. Өздері қолдан жасаған бұйымдарды қолданды. Әр отбасы ұлттық нақыштағы бұйымдарды пайдалана отырып үйін әсемдеуге тырысты. Безенген үйді видеоға түсіріп, сайыс ұйымдастырушыларына жіберді.
Жарыс қорытындысы бойынша Семей қаласында 1-орынды Әдемі Саматқызы жеңіп алды. 2-орынды Солтановтар отбасы, ал, 3-орынды Қырқымбаевтар отбасы иеленді.
Қатысушылардың барлығына арнайы сыйлықтар мен алғыс хаттар берілді. Сондай-ақ тәттілер салынған кішкентай дорбалар табысталды.