Абай облыстық орталық мешітінде 1 ай бойы «Тегін автобус» акциясы

Абай облысының «Зекет және қайырымдылық» қорының бастамасы және Семей қалалық әкімшілігінің қолдауымен Тарауых намазы аяқталғаннан кейін намазға келген жамағаттарға арналып «Тегін қоғамдық көлік» акциясы өтуде. Дәлірек айтсақ, күн сайын кешкілік екі автобус Тарауых намазынан шыққан халықты «Энергетик» және «Қарағайлы» бағыттары бойынша тасымалдауда.

Өз кезегінде қала тұрғындары осындай мүмкіндік туғызған Абай облыстық орталық мешіті мен қала әкімшілігіне алғыстарын білдіруде.

Қайырымдылық айы саналатын қасиетті Рамазанда атқарар игі шараларымыздың қатары көбейе беруін тілейміз.