СЕМЕЙДЕ «МЕНІҢ АЛҒАШҚЫ ОРАЗАМ» АТТЫ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

ҚМДБ Абай облысындағы өкілдігі “Әйел-қыздар” секторының ұйымдастыруымен «Менің алғашқы оразам» атты қызкеліншектерге арналған семинартренинг өтті. Жиын «Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешітте» өтті. Ісшараның аты айтып тұрғандай  алғаш рет ораза тұтқан жандарға тікелей қатысты болды. Семинарға Абай облысы орталық мешітінің наиб имамы  Қуаныш Файзоллаұлы қатысты. Имам «Оразаның анықтамасы», «Ниет пен сәресінің маңыздылығы», «Оразаны бұзбайтын және бұзатын амалдар» және «Оразаның әдебі» сынды тақырыптар бойынша алғаш ораза ұстаған адамдарға қажетті ақпаратпен бөлісті. Сонымен қатар семинар тренингке жалпы тәжірибелік дәрігер әрі  превентивті, интегративті Anti Age Expert Гүлнар Сайлаубекқызы келді. Дәрігер қыз-келіншектерге «Ораза кезінде дұрыс тамақтану»,Оразаға қандай дайындықпен кіру керек, Оразаның адам ағзасына пайдасы қандай?, Ораза кезінде қанша және қандай су ішу керек, Ораза ұстаған жандардың ағзасында қандай өзгерістер жүреді, Сәреде және ауыз ашарда дұрыс тамақтану қалай болу керек  тақырыбы бойынша мәлімет берді. Семинарға қатысушылар кәсіби мамандарға өздерін алаңдатқан сұрақтарын қойып, нақты әрі дұрыс жауап алды. Жиын соңында алғаш ораза ұстаған қыз-келіншектерге пайдалы ақпаратпен бөліскен дәрігер Гүлнар Сайлаубекқызына алғыс хат табысталды.