«ОРАЗАНЫ ДҰРЫС ҰСТАП ЖҮРМІЗ БЕ?» СҰРАҚ-ЖАУАП САҒАТЫ

Абай облысы мешіттерінде «Оразаны дұрыс ұстап жүрміз бе?» атты сұрақ-жауап сағаты өтті. Жұма намазына жиналған жамағаттарға Ораза ұстаудың тәртібі, оразаны бұзатын-бұзбайтын амалдар, оразаның кәффараты жайлы түсіндіріліп, жамағат тарапынан қойылған әртүрлі сұрақтарға жауап берілді.

Жалпы алғанда, Абай облысы мешіттерінде әр жұма сайын тұрақты түрде Пәтуа сағаттары өткізіліп, халықтың сұрақтарына жауап беріліп келеді.